Бізге таза әрі ашық экономика қажет: Олжас Бектенов көлеңкелі экономика үлесін азайту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды

Просмотров: 30

Үкімет отырысында көлеңкелі экономиканы төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды.

«Мемлекет басшысы биыл жалпы ішкі өнімдегі көлеңкелі экономика үлесін 15%-ға дейін азайту міндетін қойды.

Бұл көрсеткішті одан әрі төмендете беруге тиіспіз. Бізге таза әрі ашық экономика керек.

Көріп отырғандай, бұл бағытта жаңа тәсілдер қолға алынып, жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Айтылған ұсыныстарды жалпы қолдаймыз. Осы бағытта барлық мемлекеттік органдар мен бизнес субъектілеріНің жұмысын күшейту қажет.

Бұл жұмыс тек хат-хабар алмасып, есеп берумен ғана шектелмеуге тиіс.

Экономика және салық тұрақтылығы, цифрландыру, сондай-ақ бизнес жүргізуді оңайлату ісінде сапалы әрі кешенді шешімдер қажет»,

— деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған