Теміртауда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті
Бүгін, 2025 жылғы 11 қазанда, Теміртау қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті.
Біздің аймақ — 2-шағын аудан. Сенбілікке Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ түрлі ұйымдар мен мекемелердің өкілдері қатысты.
Жалпы сенбілікке 130-дан астам адам қатысты. Олардың қатарында Теміртау қаласының ішкі саясат бөліміне қарасты мекемелер — КМҚК «Діни конфессияаралық қатынастардың мәселелерін зерттеу және сараптау орталығы», КМҚК «Жастар ресурстық орталығы», волонтёрлер, КММ «Теміртау қаласының қыздар гимназиясы», КММ «Теміртау қаласының №20 орта мектебі», «Дельфинчик» балабақшасы, №5 қалалық емхана ұжымы, Жамағат өкілдері, «Мисс Теміртау» байқауының қатысушылары, сондай-ақ «Карметсервис» ЖШС мен «Гастроном 55» дүкенінің қызметкерлері бар.
Сенбіліктің нәтижелері:
— 300 қап қоқыс жиналып, шығарылды;
— 2 самосвал мен 1 қоқыс тасушы техника жұмылдырылды;
— сенбілікті өткізуге «Импульс» ЖШС қолдау көрсетті.
Барлық қатысушыларға азаматтық белсенділігі мен қаламыздың экологиясына және тазалығына бейжай қарамағандары үшін ерекше алғыс білдіреміз.
Бірлескен еңбегіміздің арқасында Теміртау қаласы барған сайын таза әрі жайлы болып келеді!
https://www.instagram.com/reel/DPqVJ6bCCWj/?igsh=MTRsY3JkNm5nb3dkYQ==