Қарағанды облысында мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігіне жүргізілген талдау нәтижелері

Просмотров: 12

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен тұрақты түрде мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесіне талдау жүргізіліп отырады.

Бүгінгі таңда жүргізілген талдау өңірде қызметтік тәртіп бұзушылықтардың өсу үрдісі бар екенін көрсетті.

Өз кезегінде, қызметтік материалдарды қарау барысында жекелеген рәсімдердің сақталмау жағдайлары анықталуда, бұл мемлекеттік органдар басшыларының тарапынан ерекше назарды талап етеді.

Есептік кезеңде 510 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 1,1%-ға және 2023 жылмен салыстырғанда 3%-ға аз. Бұзушылық жасағандардың басым бөлігі жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне тиесілі.

Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларының бұзылуына ерекше көңіл бөлінуде.

Есептік кезеңде мұндай құқықбұзушылық жасағаны үшін

16 мемлекеттік қызметші жауапкершілікке тартылған.

Атап өту керек, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар есепті кезеңде тіркелмеген.

Бұзушылықтарды талдаумен қатар, Департамент профилактикалық жұмысты жүйелі түрде күшейтуде. Өңірде оқыту семинарлары, консультациялар және Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.

Бұдан бөлек талдамалық жұмыс кеңейтілді — бұзушылықтардың себептері зерттеледі, нысаналы ұсыныстар әзірленеді, мемлекеттік қызметшілердің қызметіне мониторинг жүргізіледі.

Мұндай кешенді тәсіл анықталған құқық бұзушылықтарға дер кезінде әрекет етуге ғана емес, олардың алдын алуға, мемлекеттік қызметшілер арасында адалдық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Тәртіп бұзушылықтардың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің құзыреттілігін арттыру — мемлекеттік аппараттың сапалы жұмыс істеуінің маңызды кепілі болып табылады.

Г.Құрбанбаева

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер

ассоциациясының президенті,

МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаменті жанында құрылған

Әдеп кеңесінің мүшесі

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған