Әділ қоғам құру жолындағы маңызды қадам
Бұл шығарылымда біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы желінің рөлі, нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс істеу жолдары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың маңызы туралы сөз қозғаймыз. Мемлекеттік шешімдер қабылданбас бұрын, олардың сыбайлас жемқорлыққа жол ашатын факторларын анықтау — әділ қоғам құру жолындағы маңызды қадам.
️Бағдарлама қонағы — Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті, Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы желінің Президиум мүшесі Баталова Зауреш Қабылбекқызы. Ол студияда сараптама жүргізу тетіктері мен азаматтық қоғамның бұл саладағы рөлі туралы ой бөліседі.
Бағдарламада:
- Құқықтық құжаттарда кездесетін тәуекелдерді анықтау жолдары
- Нормативтік-құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу тәртібі
- Қоғам өкілдерінің сараптама процесіне қатысуы
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы желінің құрылымы мен оның тиімділігі
- Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңызы
- Ашықтық пен есептілікті арттырудың жүзеге асыру жолдары
⚖️ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама — бұл заң жобаларына жасалатын алдын ала тексеріс, оның мақсаты — жемқорлыққа жол беретін нормаларды болдырмау және заңнаманы әділ ету.
Толық шығарылымды Akimat Temirtau YouTube-арнасынан көре аласыз.
Промо-бейнені тамашалап, адал қоғам құруға бағытталған бастамаларға үлес қосыңыз!