Қаражал – Жәйрем аумағында кездесулерін жалғасуда

Просмотров: 9

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Қаражал қалалық коалиция мүшелері Жаңа Конституция жобасын халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында Қаражал – Жәйрем аумағында кездесулерін жалғастыруда. 

2026 жылғы 18 ақпанда бекітілген республикалық Желілі кестеге сәйкес, Қаражал қалалық коалиция төрағасы – «AMANAT» партиясы Қаражал қалалық филиалының атқарушы хатшысы Гүлмира Исина, коалиция құрамындағы қалалық мәслихат төрағасы Зәмзәгүл Оспанова, мәслихат депутаттары Айгүл Мауленина, Жұмакүл Ахметова, өнер мектебінің ардагер ұстазы Әбдірәсіл Рахым Қаражал қаласының №1 Тірек мектебі ұжымымен кездесті.

Ауқымды кездесуде коалиция мүшелері Жаңа Конституция жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы жан-жақты ақпарат беріп, олардың ел дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Кездесу барысында көтерілетін сұрақтарға жауап беріліп, жиынға қатысушылар ой-пікірлерін білдірді.

Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесу, маңызды құжаттың мазмұнын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Қаражал қалалық коалиция мүшесі, қалалық мәслихат депутаты, Қаражал қаласының №1 Тірек мектебінің директоры Жұмакүл Ахметова, ҚР Конституциясының жаңа Жобасы ұстаздар арасында әлі де талқыланатынын атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған