Конвертер цехында Конституциялық реформа талқыланды

Просмотров: 12

Қаламызда конституциялық реформаны түсіндіруге арналған ақпараттық кездесулер жалғасуда. Бүгін қалалық жалпыұлттық коалиция өкілдері Qarmet компаниясының Конвертер цехының еңбек ұжымымен жүздесіп, Жаңа Конституцияның негізгі ережелері мен елді дамытудың стратегиялық басымдықтарын талқылады.

Кездесу барысында ұсынылып отырған өзгерістердің мәні кеңінен түсіндіріліп, адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту, өңірлердің әлеуетін арттыру және олардың теңгерімді дамуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл бағыттар Қазақстанның ұзақ мерзімді және тұрақты дамуының берік негізі екені атап өтілді.

Сондай-ақ жиын барысында 15 наурызда өтетін республикалық референдумның маңызы сөз болып, азаматтардың саналы таңдауы ел болашағына тікелей ықпал ететін маңызды қадам екені айтылды. Қатысушыларға реформалардың мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, оның тиімділігі мен ашықтығын арттыруға, сондай-ақ әділ қоғамдық келісімді қалыптастыруға бағытталғаны жан-жақты түсіндірілді.

Жүздесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Еңбек ұжымы көкейіндегі сауалдарын қойып, өз ой-пікірлерін білдірді. Мұндай кездесулер қоғамдағы сенімді нығайтып, конституциялық өзгерістердің мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған