Абай ілімі қазіргі қазаққа пайдалы ма?

Просмотров: 37

19 ғасырда өмір сүрген Абай мұрасының 21 ғасыр адамына берері бар ма? Ол өмір сүрген кезең, дүние таным бөлек еді. Ал, қазір заман да әлем де өзгерді. Сонда Абайдың шығармашылығынан, пәлсапалық ойларынан өзіме керек дүние таба аламыз ба?

Әрине, табамыз. Тапқаны бұлай тұрсын, қайта қазіргі таңда Абайдың кейбір ой-пікірлерінің өзектілігі арта түскендей. Басқаны айтпаған күннің өзінде «Толық адам» концепциясының өзі бүгінгі қазақтың көп сауалына жауап болары анық қой.

Иә, қазір түрлі коучтың алдын жағалап, ақыл сатып алу сәнге айналған. Бұл ретте орыстың «Учпешный человек» ұғымы кең танылып, сол бағыттағы шетелдік психологтардың кітаптары керемет сұраныста тұр. Бірақ, біздің алыстан іздеп, тамсанып жүрген дүниелерімізді Абай әлдеқашан айтып тастаған. Алақанда тұрғанды көрмей, аспандағы дүниені іздеп жүрміз, қысқасы.

Ағылшын психологтары адам жетістікке жету үшін өзін 4 бағытта дамытуы керек дейді. Яғни, 1) рухани; 2) интеллектуалды; 3) физикалық; 4) материалдық дамуға ұмтылуы керек. Ал, Абай мұны: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті, Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп түйіндейді. Яғни, «ыстық қайрат» – физикалық дамуды, «нұрлы ақыл» – интеллектуалды дамуды, «жылы жүрек» – рухани дамуды білдіреді. Ал, осы 3 дамуды берік ұстанған, өзін 3 бағытта дамыту жолында жүрген һәм дамытқан адам қайтсе де «материалдық дамуға» қол жеткізеді. Абай айтқан «Толық адамның» мәні осы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған