Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала немесе қайта сайлана алады – Конституциялық Сот
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтік қаулысына анықтамалық ақпарат
(2026 жылғы 7 шілдедегі № 89-НҚ)
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 43-бабы 1-тармағының, 72-бабы 2 және 3-тармақтарының, 83-бабы 1-тармағының және 84-бабы 3-тармағының ережелерін:
«лауазымын 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес атқарып келе жатқан адамдар 2026 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 43-бабы 1-тармағында, 72-бабы 2 және 3-тармақтарында, 83-бабы 1-тармағында, 84-бабы 3-тармағында көрсетілген қызметке сайлана ала ма не лауазымға тағайындала ала ма?» деген сұраққа жауап беріп, ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады.
Конституциялық Сот аталған конституциялық нормалардың мазмұнынан оларда белгіленген шектеулер адамның тиісті қызметке алдыңғы сайлану не лауазымға алдыңғы тағайындалу фактісімен қолданыстағы Конституцияда және соған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпте ғана байланысты болатыны шығады деп атап өтті.
