АЭС бойынша референдум: дауыс беру қорытындысы жарияланды

Просмотров: 46

Орталық референдум комиссиясы Республикалық референдумның нәтижелерін айтты, – деп хабарлайды 247media.kz тілшісі.

Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны – 12 миллион 284 мың 487 адам.

Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 миллион 820 мың 204 адамды немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66 пайызы.

Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны – 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12 пайыз. Осылайша, референдум өтті деп саналады.

Референдумға шығарылған мәселе бойынша оң шешім қабылданды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған