Айбек Оралбай Олимпиаданы жарқын жеңіспен бастады

ПАРИЖ. KAZINFORM – 92 килоға дейінгі салмақта бақ сынап жатқан отандасымыз бірінші жекпе-жегінде нигериялық боксшы Адам Олаорені жеңді. 

Айбек қарсыласын бірінші раундта нокдаунға да түсірді.

Отандасымыз ширек финалда Хулио Сезар Ла Круз – Лорен Альфонсо Домингес жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұған дейін 63,5 келі салмақта бақ сынайтын қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алғашқы кездесуін өткізіп, қарсыласынан басым түскен еді.

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Осы тақырыпта