10 желтоқсанда Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионаты аясында әйелдер арасындағы финалдық жекпе-жектер өтеді, деп хабарлайды 247media.kz
Қазақстан құрамасының бес спортшысы шешуші кезеңге жолдама алған еді.
- 60 келі: Виктория Графеева — Цян Ли (Қытай)
- 63 келі: Аида Әбікеева — Лин Ха (Вьетнам)
- 70 келі: Наталья Богданова — Байсон Маникон (Тайланд)
- 81 келі: Гүлсая Ержан — Карине Айрапетян (Украина)
- 81 келіден жоғары: Елдана Тәліпова — Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында он жартылай финалдың тоғызында жеңіске жеткенін хабарлаған едік.

