Қарағанды облысындағы Балқаш көлі тартылып барады

Просмотров: 48
Қарағанды облысындағы Балқаш көлінің деңгейі биыл 15 см-ге көтерілген. Бірақ бұл көлдің тіршілік иелеріне, аймақтың экологиясына оң әсерін бергенімен, үлкен мәселенің шешімі емес. Себебі осыдан екі жыл бұрын көршілес Қытайдан келетін Іленің суы азайғаны туралы айтылған.

Балқаш көлі әлем бойынша көлемі жағынан 14-ші орында. Қазір 2 метр тартылғанын көруге болады.

Жалпы аумағы 18 мың гектарды алып жатқан көлде су көлемі 100 текше шақырым. Тереңдігі орташа есеппен 6 метрге жуық. Оған 5 өзен құяды десек, соның дені Іледен келеді. Аспан асты елінен бастау алатын бұл өзен суы соңғы жылдары азайған. Егер көл осы бетімен тартыла берсе келешекте су жолдарының бағыттары да өзгеруі мүмкін, деп жазады 247media.kz

«Су деңгейінің түсуі кеме жолдарының қауіпсіздігіне әсер еткен жоқ. Барлық маршруттар сақталған. Көлдің тереңдігін үнемі тексеріп отырамыз.»Роман Даукаев, «Қазақстан су жолдары» РМҚК Іле-Балқаш бөлімшесі басшысының міндетін атқарушы

Балқаш — өндірісті қала. Жыл сайын мониторинг жүргізіліп, көл суын пайдаланатын кәсіпорындардың жұмысы тексеріліп отырады.

«Балқаш көліне өндірістік қалдықтар ағызылмайды. Біз мұны үнемі бақылауда ұстап отырмыз. Тек су алатын кәсіпорындар бар. Бірақ инспекцияның рұқсатымен белгілі бір мөлшерде ғана пайдаланады. Оның өзінде пайдаланылған суды сүзгіден өткізіп, анағұрлым таза етіп көлге қайта құяды.»Шолпан Өтебаева, Облыстық экология департаментінің мемлекеттік инспекторы

«Ғалымдар көлді сақтап қалудың тағы бір жолы — шағын шығанақтарды азайту», — дейді. Бірақ бұл да уақытша амал. Егер Іледен мол су келмесе көл тартыла бермек.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған