Қарағанды зауытындағы төтенше жағдай: тағы екі адам қаза тапты

Просмотров: 40

Ферроқорытпа зауытында болған апат кезінде зардап шеккен тағы екі адам Қарағанды ​​ауруханасында көз жұмды. Төртеуінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Kazinform-ға сілтеме жасаған 247media.kz

«Қарқынды реанимациялық шаралардан кейін Қарағандыдағы ​​ферроқорытпа зауытында зардап шеккен тағы екі жұмысшының өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. 1981 және 1987 жылы туған науқастар есін жимастан көз жұмды. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін барынша күресті. Қаза болғандардың жақын туыстарына көңіл айтамыз «, – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдемесінде. Еске салсақ, 20 шілде таңғы сағат 04:10-да Қарағандыдағы YDD Corporation ферроқорытпа зауытында апат болып, кәсіпорынның 8 жұмысшысы ауруханаға жеткізілгенін жазған едік. Зауыт өкілдері зардап шеккен жұмыскерлердің барлығына шұғыл медициналық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді. Кейін полиция өкілдері осы жайт бойынша Қылмыстық кодексінің 156-бабы 2-бөлігі – «Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Кейін Қарағандыда ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай кезінде зардап шеккен жұмысшылардың бірі ауруханада қайтыс болды. Артынша екінші зардап шегуші көз жұмды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған