Қарағандылық гимнаст Венгриядағы әлем кубогында алтын алды

Просмотров: 9

Қазақстандық спорт тарихында алғаш рет Қарағандылық спортшы Дарья Ясинская Сомбатхей қаласында (Венгрия) спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде алтын алды. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері тірек секіруде үздік атанды.

Дарья Ясинская 4 жасынан бастап спорттық гимнастикамен айналыса бастады. 20 жасқа қарай Қарағанды гимнастика мектебінің тәрбиеленушісі көптеген марапаттарға ие болды. Ол Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі Халықаралық турнирлердің жеңімпазы, Қазақстанның абсолютті чемпионы.

Гимнасттың тәлімгерлері – Марина Тациева мен Наталья Альхова.

– Дарьяның әлем кубогындағы қарсыластары өте мықты болды. Екінші орынды Венгриядан келген гимнаст, үшінші орынды австралиялық спортшы алды. Жалпы, Дарья өте еңбекқор, әрқашан алдына жоғары мақсаттар қояды. Мұндай жарыстардағы ең маңыздысы – толқуды жеңу. Ол осы сезімді жеңе алды, оның жоғары нәтижесімен мақтанамыз. Бірақ демалуға уақыт жоқ. Бүгін Дарья Венгриядан Алматыға Қазақстан чемпионатына ұшып барады, – деді жаттықтырушы Марина Тациева.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған