Бүгін Қарағандыда әйелдер боксынан «Мықтылар турнирі» басталды

Просмотров: 14

 Бүгін, яғни 23 қыркүйек күні Қарағанды қаласында әйелдер боксынан «Мықтылар турнирі» басталды. Бұл жарыс қарашада Иорданияда өтетін Азия чемпионатына іріктеу болып саналады.

Бұл жарыстың тағы басты ерекшелігі – қыздарымыз бірінші рет бас киімсіз жұдырықтаспақ. Бұл өзгеріс әйелдер боксында халықаралық аренада бұдан былай бас киім болмайтынымен байланысты. Соның ішінде жаңа ереже Азия чемпионатынан бастап енгізілмек.

Турнирде 19-40 жас аралығындағы барлық бұрымды боксшылар қатысуға келген. Олар 12 салмақ дәрежесі бойынша: 48 кг, 50 кг, 52 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63кг, 66 кг, 70 кг, 75 кг, 81 кг, +81 кг өзара мықтыларды анықтамақ.

Қазақстан бокс федерациясы аталған жарысты барынша ашық өткізу үшін тікелей көрсетілім, толыққанды ақпарат тарату және таза төрелік тұрғысынан қамтамасыз етпек.

Бүгін жарсытың ресми ашылу салтанаты 15:00-де басталады. Ал алғашқы іріктеу сайыстары 15:30-дан 19:00 аралығында болады.

Жартылай финалдық кезеңдер 26 қыркүйекке, ал финалдық жекпе-жектер 27 қыркүйекке жоспарланған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған