Қарағандылық ұландықтар ұлы отан соғысының ардагерін құттықтады
Ағымдағы жылдың 7 наурыз күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері 99 жасар ұлы отан соғысының ардагері Мария Ефимовнаны 8-наурыз мерекесімен құттықтады. Құттықтау барысында ұландықтар ардагерге естелік сыйлықтар табыстап, сондай-ақ «Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының атынан алғыс хат табыстады.
Сонымен қатар «Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Берік Тоқтаров Мария Ефимовнаға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық қажымас қайрат тіледі. Сондай-ақ, жеңіске жетуге қосқан үлесі батырлығы мен қайсарлығы үшін алғыс білдірді.
Өз кезегінде Мария Ефимовна өзінің қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлова оқыған снайперлік мектепте оқығаның айтып, ұлы отан соғыс жылдарындағы басқыншыларға қарсы шайқастарда күрескен күндерін еске алды.
ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі