Астанада мәслихат депутаттығына сайлау басталды

8 желтоқсанда №6 бір мандатты аумақтық сайлау округінен шығып қалғанның орнына Астана мәслихатының депутатын сайлау басталды, деп хабарлайды 247media.kz қалалық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

Таңертеңгі сағат 7-ден бастап Астанада 19 сайлау учаскесі жұмыс істейді, оның үшеуі – жабық.

Мәслихат депутаттары бес жылға сайланады. Сайлау бюллетеніне 6 кандидат енгізілді. Астана бойынша сайлауға Байқоңыр ауданында орналасқан №6 бір сайлау округі

Сайлау учаскелері сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

«Осыған дейін округтің әрбір тұрғынына атаулы шақырулар берілген болатын. Сонымен қатар учаскелік комиссия мүшелері 17-27 қараша аралығында сайлаушылар тізімін таныстыра отырып, ауланы аралап шықты», — деп хабарлады қалалық сайлау комиссиясы.

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Осы тақырыпта