Астанада пара дзюдодан Гран-при жарысы өтеді
Пара дзюдодан 23-24 қараша күндері елорда төріндегі Beeline Arena спорт сарайында Grand Prix жарысы өтеді.
Қазақстан пара дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, турнир барысында 10 салмақта жүлделер сарапқа салынады.
Басты екі ерекшеліктің бірі – жаңа Олимпиада циклінде салмақтар ауысады.
Ерлер 70, 81, 95, +95 келіде белдесетін болса, әйелдер 52, 60, 70, +70 келіде жүлдеге таласады.
Сондай-ақ Халықаралық дзюдо федерациясы тәжірибе ретінде Олимпиада салмағына кірмейтін 2 салмақта (ерлер – 64 келі, әйелдер – 46 келі) жүлде үлестіреді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын дзюдодан Қазақстан чемпионатында Мағжан Шамшадинді жеңген Нұрәділ Әлжанның чемпион атанғанын жазған едік.