Қазақстанда адамға қарсы қатыгездік критерийлері кеңейтіледі

Просмотров: 30
ІІМ әлеуметтік дезадаптация мен әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездіктің болуын бағалау критерийлеріне түзетулер дайындады, деп хабарлайды 247media.kz
Атап айтқанда, «әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау» ұғымына мынадай толықтыру енгізіледі – жасалған әрекеттерге катысты қылмыстық іс жүргізуді қозғау фактісінің бар-жоғына қарамастан, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық, не кәмелетке толмағанның көзінше жеке тұлғаға қарсы жасалған құқық бұзушылық, адам саудасына, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасына, оларды пайдаланудың өзге де түрлеріне байланысты әрекеттер, сондай-ақ адам ұрлау.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгез қарым-қатынастың болуын бағалау кезінде кәмелетке толмағанның не оның қатысуымен жеке адамға, оның ішінде кәмелетке толмағандардың өзіне қарсы құқық бұзушылық жасалған зорлық-зомбылық та қаралады.

ІІМ мәліметінше, жобаның мақсаты жеке адамға қарсы құқық бұзушылықтың, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгері болған кәмелетке толмағандардың әлеуметтік бейімсіздігіне және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау бөлігінде критерийді айқындау болып табылады.

«Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтерге (әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, экономикалық, құқықтық) қол жеткізу үшін зорлық-зомбылыққа куә болған кәмелетке толмаған адамдарды сәйкестендіру рәсімін жүргізу жоспарлануда»,- деп толықтырды ІІМ.

Құжат 3 қазанға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған