Қазақстандық семсерлесушілер әлемнің үздік үш құрамасының қатарына қосылды Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2195436-qazaqstandyq-semserlesushiler-alemning-uzdik-ush-quramasynyng-qataryna-qosyldy/

Просмотров: 2

Шпагамен семсерлесуден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлемдік рейтингте 3-орынға көтерілді. Бұл туралы 247media.kz  Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстандық семсерлесушілер Гонконгте өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде сәтті өнер көрсетті. Нәтижесінде рейтингте үздік үштікке енді. Богдан Лукин, Георгий Тинников, Нұржан Әбжанов және Кирилл Проходов күміс медаль жеңіп алып, нәтижесінде біздің құраманың әлемдік рейтингте үшінші орынға шығуына ықпал етті. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін шпагамен семсерлесуден Қазақстанның ұлттық құрамасы да Халықаралық федерацияның (FIE) рейтингінде көтерілген болатын. Қазақстандық семсерлесушілер қазіргі таңда 4-орында тұр. Канадада өткен әлем чемпионатының кезеңінде Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов және Вадим Шарлаимов өнер көрсететін Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған