Қазақстандық спортшылар Сурдлимпиада ойындарында тағы екі жүлде жеңіп алды

Просмотров: 52

Қазақстандық спортшылар Бразилияда өтіп жатқан Сурдлимпиада ойындарында тағы екі медаль жеңіп алды.

Сурдлимпиада ойындаррының жетінші жарыс күнінде қазақстандық спортшы Ольга Хижнякова ядро лақтырудан күміс жүлде иеленді. Отандық құрама үшін бұл Сурдлимпиададағы жеңіл атлетика бойынша алғашқы медаль болып отыр.

Дәл осы күні ерлер арасында таеквондодан жарыста Виктор Фрундин +80 кг салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды. Таеквондошы Аида Мақатов 67 кг салмақ дәрежесінде 5-орын жеңді.

Біраз бұрын қазақстандық дзюдошы Еркебұлан Қанафин отандық құраманың қоржынын Бразилиядағы Сурдлимпиаданың алғашқы алтын жүлдемен толықтырды. Ол 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды.

Еске салсақ, жазғы Сурдлимпиада ойындары (есту қабілетінде ақау бар адамдар қатысатын спорт жарысы) Кашиас-ду-Сул (Бразилия) қаласында өтіп жатыр.
Оған әлемнің 100 елінен 4 мыңнан астам спортшы қатысып жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған