Белгілі сарапшылар АЭС құрылысы бойынша референдумның exit-poll деректеріне баға берді

Просмотров: 32
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, саясаттанушылар мен белгілі журналистер Қазақстанда атом электр стансаларының құрылысына қатысты референдумның exit-poll мәліметтеріне баға берді, деп хабарлайды 247media.kz

Мәселен, ҚР Парламенті мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Ерлан Саиров Қазақстан халқының 70-пайызға жуығы елімізе АЭС салуды қолдағанын алға тартып, бұл заңды нәтиже екенін тілге тиек етті.Сонымен қатар, АЭС салу жөніндегі Халықтық штаб жүйелі, жан-жақты жұмыс атқарғанын баса айтты.

«Бүкіл Қазақстанның түпкір-түпкіріне барып, азаматтармен нақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Халықтық штаб Қазақстанның жаңа экономикалық формацияда өмір сүріп жатқандығын, тек қана ғылыми-техникалық прогреске бейім ұлттар ғана тарихта қалатындығын, атом энергиясының ұтымды жатқарын түсіндіре білді. Қазақстан Халқы ғылыми прогресс және экономикалық жаңашылдықты таңдады!»Ерлан Саиров

Депутатың пайымдауынша, референдум азаматтардың шешім қабылдау құқын дұрыс пайдалатындығын көрсеткен.

«Аталған референдум шын мәніндегі біздің еліміздің болашақ даму жолдары жөніндегі жалпыұлттық дискуссия болды! Мен дискуссияға қатысқан барлық Отандастарға өзімнің алғысымды білдіремін! Мұдай дискуссияда жеке ұтылғандар мен ұтқандар болмайды! Мұндай бейбіт, ашық дискуссиядан тек қана қоғам, еліміз ғана ұтары анық! Яғни, қоғамның саяси мәдениеті шыңдалып, азаматтардың қоғамдық процесстерге қатысу дәрежесі артып келеді.Демократия дегеніміз норма және процедура. Осындай демократиялық процедуралар арқылы Қазақстан халқы барлық маңызды шешімдерді ақылдасып, жан-жақты ойласып қабылдау дәстүрін қалыптастыратындығы анық!»Ердан Саиров, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты

Ал, белгілі журналист Дәурен Сейітжанұлы референдумға келгендердің 72,3% пайыздан астамы Қазақстанда атом энергетикасын дамытуға келісім бергенін алға тартты. Яғни сәл сенімсіздік танытқан азаматтар ақпараттық жұмыстардан кейін, мәліметтер мен фактілермен танысқаннан кейін, АЭС экологиялық таза, тұрақты энергия көзі деген пікірге келе бастаған.

Журналист сонымен бірге, референдумға халық өте белсенді қатысқанын айтты.

«Бірақ бәрінен де белсенділік танытқан оңтүстік өңірлер. Оларда энергия тапшылығы өзекті екенін ескерсек, бұл таң қаларлық жайт емес. Мысалы, Қызылорда облысы тұрғындардың 82,48%-ы референдумға қатысып, ең белсені аймақ атанды. Одан кейін көшті Түркістан, Шымкент, Ұлытау, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай мен ШҚО сияқты аймақтар 70%-дан аса қатысу белсенділігімен жалғап тұр.»Дәурен Сейітжанұлы

Естеріңізде болса, жыл басында президент сұхбатында АЭС-тің маңыздылығы жайында айтқан болатын. Содан белсенді ақпараттандыру жұмыстары басталып кетті, әсіресе соңғы кездері жұмыс қарқынды жүрді. Нәтижесін өзіміз көріп отырмыз, — деп атап өтті facebook парақшасында журналист.

«Әрине, қарсылық білдірушілер де болды, бар да. Алмасадам Сәтқалиев айтқандай қолдамайтындар патриот емес деуден аулақ болуымыз керек. Олар да елге жанашырлықпен өз таңдауын жасады. Бірақ олардың аргументтері әлсіз шықты. Олардың қарсылықтары АЭС-тің артықшылықтары туралы ғылыми фактілердің көлеңкесінде қалып кетіп жатты. Азды-көпті аргументтері АЭС қауіпті деген күдіктің айналасында болғанын көрдік қой. Жұрт қазіргі заманауи АЭС-тер қай жағынан алып қарасаң да қауіпсіз, тұрақты әрі берік деген сарапшы-ғалымдардың пайымына иланғаны көрініп тұр. Жалпы осы, әзірше экзитполдан кейінгі нәтиже осындай. Соңғы нәтижені күтеміз енді. Аса айырмашылық жасай қоймас. Қалай болғанда да қолдау білдірушілер саны айтарлықтай басым екені байқалды. Соған қарағанда АЭС-тің артықшылықтарын түсіндіру бойынша үгіт-насихат жұмыстары нәтижелі болғаны ғой.»Дәурен Сейітжанұлы

Ал, белгілі тележурналист Диас Нұрақын референдумдағы халықтың белсенділігіне тоқталды. Әсіресе Қызылорда облысы халқының референдумға қатысуын ерекше атап өтті. Сонымен бірге, Қазақстанда АЭС-ті кім салуы мүмкін екенін тілге тиек етті.

«Президент айтқандай АЭС-ті консорциум салуы әбден мүмкін. Бұл болжамды бір жыл бұрын жазып едім. Енді тағы бір долбар айтайын. АЭС құрылысына шорт парақтағы төрт ел де қатысуы мүмкін. Яғни, Франция, Оңтүстік Корея, Қытай мен Ресей бірлесіп салатын сияқты. Мамандар 2029 жылдан бастап энергия тапшылығы сезіле бастайды дейді. Ал ол уақытта біз АЭС-тің тек фундаментін құйып жатамыз. Өйткені жобалық сметасын жасауға бес жыл керек екен. Ал толық аяқтауға 15 жыл қажет. Сондықтан бүгінгі шешімнің нәтижесін тек 2040 жылға қарай көре бастаймыз,»- деп жазды facebook парақшасында Диас Нұрақын.

Ал, парламент мәжілісінің депутаты Айдос Сарым exit poll үш социологиялық құрылым жүргізгенін еске салды. Сонымен қатар, Қазақстандықтардың басым бөлігі, дәлірек айтсақ, сайлау учаскелеріне келген ел азаматтарының шамамен 70 пайызы (бәлкім, одан да көп) атом электр станциясын салу бастамасын қолдағанын атап өтті.

«Көктемде және жазда мен атом электр станциясын қолдаушылар санының баяу, бірақ тұрақты өскенін көрсететін сауалнама деректерін көрдім. Біз науқанға қолдаушылардың 50 пайызынан асатын санымен кірдік.Құрамына 6 партия мен республикалық қозғалыстардың көпшілігі, жүздеген ҮЕҰ кірген Республикалық штаб құрылғаннан кейін бір айдан астам уақыт ішінде орасан зор жұмыстарды атқарған қуатты үгіт-насихат пулын құруға мүмкіндік туды.»Айдос Сарым

Үгіт-насихат кезеңінде сапалы өсім мен қолдаушылар санының артқаны байқалды. Демек, науқан нәтиже берді, — деп сарапшы Telegram парақшасында жазды.

«Өзім де талай облыстарда болдым. Бiздiң қоғам жақсы-жаман тұстардың бәрiнен хабардар деп айта аламын. Адамдар энергия тапшылығының не екенін және оның нені білдіретінін түсінеді, әсіресе бизнесмендер. Көп адам атом электр станциялары ең жақсы және баламасы жоқ шешім екеніне көздері жетті. Ең үлкен қолдауды, күткендей, бірінші кезекте энергия тапшылығы мәселесі өзекті болып отырған оңтүстік өңірлер көрсетті. Сондай-ақ оңтүстік өңірлер ең тығыз қоныстанған өңірлер болып табылады, бұл сәйкесінше соңғы көрсеткіштерге қуатты серпін берді.»Айдос Сарым

Бұған дейін Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында дауыс беру учаскелерінен – exit-poll-дан шыққан азаматтар арасында жүргізген сауалнамасының қорытындысын жариялаған болатын.

Зерттеу Zakon.kz сайтының тапсырысымен жасалған. Сауалнама 2024 жылғы 6 қазанда өткен республикалық референдумда жүргізілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған