Депутат мүгедектігі бар азаматтарға зейнетақы мен жәрдемақыны қосып төлеуді ұсынды

Просмотров: 21

 Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков вице-премьер Тамара Дүйсеноваға жолдаған депутаттық сауалында мүгедектігі бар азаматтарға зейнетақы мен жәрдемақыны қоса төлеуді ұсынды деп хабарлайлы 247media.kz

«Қазір мүгедектігі бар жандар зейнет жасына келгенде не зейнетақыны, не жәрдемақыны таңдауға мәжбүр. Еңбек өтілі 1998 жылдан басталатын мүгедек азаматтарға зейнетке шыққанда тек зейнетақы қорында жиналған қаражат қана бөлініп беріледі. Бұл – қорға қаражат аудармайтын мүгедек жан ештеңесіз қалады деген сөз. Айына 95 мың теңге жәрдемақы алатын мүгедек несін аударады?» – дейді депутат.

Оның мәліметі бойынша. қазір бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар 95 496 теңге, екінші топ 79 435 теңге, үшінші топтағы мүгедектер 69 886 теңге жәрдемақы алады.

«Сол себепті, жәрдемақы мен зейнетақыны қоса беру керек. Ондай болмаған жағдайда еңбекке қабілетті мүгедектерді жұмыспен қамту қажет. Егер бұл мәселенің оң шешімі табылмаса, бір миллионға жуық азамат автоматты түрде кедейшілік шегіне енетін болады. Осы айтылғандарды ескере келе мүгедектігі бар тұлғалар зейнет жасына жеткенде де жәрдемақысын тоқтатпай қоса берудің жүйесін қалыптастыру керек. Ол үшін Әлеуметтік кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспары 2025 жылдан кейін де жалғасын табу керек», – дейді Таңсәуле Серіков.

Осыған дейін 2024 жылы мүгедектігі бар адамдар портал арқылы 777 мыңнан астам қызмет түріне жүгінгені туралы жаздық.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған