eGov.kz порталында қазақстандықтар үшін жаңа сервис қолжетімді

Просмотров: 11
Мемлекеттік аудитор біліктілігін алу үшін өтінімді енді eGov.kz порталында онлайн беруге болады, деп хабарлайды 247media.kz

Бұл туралы 2025 жылғы 4 наурызда «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәлімдеді.

«Аудит саласындағы мамандар енді мемлекеттік аудитор сертификатын алу үшін өтінімді eGov.kz порталы арқылы онлайн тапсыра алады. Жаңа сервис жеке тұлғаларға қолжетімді және сертификаттау үдерісін айтарлықтай жеңілдетеді. Ол барлық қажетті құжаттарды онлайн тапсыруға және өтінімнің мәртебесін Жеке кабинеттен қадағалауға мүмкіндік береді»,- делінген ақпаратта.

Мемлекеттік аудитор сертификаты – бұл маманның біліктілігін растайтын құжат. Сертификат иесі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік және жеке ұйымдардың қаржылық есептілігін тексеруге құқылы. Бұл құжат Ұлттық комиссия тарапынан беріледі, арнайы қорғаныс дәрежесіне ие және үміткердің мемлекеттік аудитор ретінде біліктілігін растайды.

«Мемлекеттік аудитор сертификатын рәсімдеу үшін үміткер eGov.kz порталында өтінім беріп, қажетті құжаттарды тапсыруы, сондай-ақ біліктілігін растай отырып, сұхбаттасудан өтуі қажет».

Қызметті пайдалану үшін:

  • kz порталында авторизациядан өтіп, «Бизнеске» – «Лицензиялау және аккредиттеу» – «Құқықты тіркеу (аккредиттеу) және сертификаттау» бөлімін таңдау;
  • «Мемлекеттік аудитор сертификатын беру» қызметін таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басу;
  • өтініш берушінің байланыс нөмірі мен электрондық пошта мекенжайын көрсету;
  • сертификат біліктілігін таңдап, үміткердің шетелдік жоғары оқу орнының түлегі екенін көрсету (болған жағдайда);
  • білімі туралы құжаттың қосымшасымен бірге электрондық көшірмесін тіркеу;
  • жеке деректердің өзгергенін растайтын құжаттың көшірмесін (бар болған жағдайда) тіркеу;
  • еңбек кітапшасының көшірмесін тіркеп, «Өтініш жіберу» түймесін басу;
  • қызметті қолжетімді қол қою әдістерінің бірімен растау;
  • қызмет нәтижесі пайдаланушының Жеке кабинетінде «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде қолжетімді болады.

«Үміткер өтінімнің қаралу барысын Жеке кабинетінде қадағалай алады. Құжаттарды қарау шамамен 6 ай уақытты алады. Нәтижесінде үміткер сұхбаттасуға рұқсат немесе негізделген бас тарту туралы хабарламаны алады. Бас тарту жағдайында құжаттарды қайта тапсыру мүмкіндігі қарастырылған»,- деп мәлімдеді ведомство.

Сұхбаттасуға 10 жұмыс күні қалғанда Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының сайтында сұхбаттасуға жіберілген үміткерлердің тізімі, сондай-ақ сұхбаттасу уақыты мен орны жарияланады. Сонымен қатар, үміткерлерге SMS-хабарлама жіберіледі.

«Сұхбаттасудан сәтті өткен жағдайда, үміткер Жеке кабинетінде мемлекеттік аудитор біліктілігін беру туралы хабарламаны алады, ал сертификат QR-код түрінде электрондық форматта қолжетімді болады».»Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ

Бұған дейін енді еліміздегі мүгедектікті белгілеу жөніндегі мемлекеттік қызметтер жаңа тәсілмен жүргізілетіндігі хабарланған болатын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған