Елімізде психиатрлардың қызметіне сұраныс артты

Просмотров: 27
Елімізде психиатрларға көмекке жүгінетіндер көбейді. Стационарларда пациент көп. Жүйкесі жұқарған жұрттың басым бөлігі Астана қаласы мен Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген.

Мамандардың айтуынша, психикалық денсаулыққа бей-жай қарауға болмайды. Салдары ауыр болуы мүмкін.

Ресми мәліметтерге қарасақ, елімізде биыл психиатриялық стационарлардың жұмысы 12 пайызға артқан. Жарты жылда осы саладағы мамандардың қызмет көрсетуіне 14 млрд теңге жұмсалған, деп жазады qazaqstan.tv.

Елде 202 мыңнан астам адам психикалық аурумен дәрігер бақылауында. Олардың басым бөлігіне «психикалық дамуы тежелген» диагнозы қойылған. Науқастардың көбі Астана қаласы мен Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген.

«Биыл 1-қазанғы статистиканы алсақ, 202 мың адамнан астамы динамикалық бақылауда тұрды. Бұл дегеніміз 3,1 пайызға адам саны өсіт деген сөз. ҚР бойынша, өңірлерде біз 1-шілік аурушаңдылықты айтуымыз керек. Бұ жерде ең бірінші орында Астана қаласы тұр. Астанада шамамен 100 мың адамға шаққанда 110 адамға тең. Келесі Абай облысы, шамамен 70 адам.»Нәби Есімов, ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы»бас директорының орынбасарыПсихиатрлар да соңғы уақытта шағымданатын науқастардың көбейгенін айтады. Күйзеліске түскендердің түрлі деңгейі бар. Адам бірнеше апта ешнәрсеге зауқы болмай, мінез-құлқының қатты өзгергенін байқаса, психологқа немесе психиатрға қаралуы керек. Әйтпесе, бейсанадағы процестер асқынып, психологиялық патологиялық ауруларға әкелуі әбден мүмкін дейді мамандар.

«Көңіл күйінің бұзылуы, поведение дейміз, мінез-құлықының өзгеруіне байланысты жүгініп жатқан науқастар бар. Осындай жағдай 2 аптадан асып бара жатса, міндетті түрде психиатр маманына жүгіну керек.»Анар Тастембекова, психиатр

Ал әлеуметтанушылардың айтуынша, психологтарға көбіне орта жастағы азаматтар мен жастар жиі жүгінеді екен. Қоғамдағы бұл өзгерістің себептерін де атап өтті.

«Әлеуметтік желілердің әсерінен көп адамда жақсы өмір сүруге деген ұмтылыс байқалады. Өзін өзі дамыту деген, былай айтқанда бұл қажеттілік па немесе ол трендпен келген нәрсе ма, бірақ адамдардың барлығы сол бағытта дамуда. Өңірлерде ол нәрсе аздап кездеседі. Себебі ол жақта мамандар да аз. Өз инстаграмын жүргізіп жатқан эксперттер де аз.»Әйгерім Жақыпбек, әлеуметтанушы

Ментальды бұзылуға – әлеуметтік желіге тәуелділік, экономикалық қиындықтар, мәдени өзгерістер, тіпті жаһандық дағдарыс та себеп дейді мамандар. Әлемде стресстің жоғары деңгейінің де әсері бар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған