Ертуған Зейнуллин 2 жылдан кейін Азия ойындарының қола жүлдесін алады

Просмотров: 8

Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллин 2022 жылғы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының қола жүлдесін алады. Азия Олимпиада кеңесі мен Халықаралық бокс қауымдастығы моңғол боксшысы Батарсух Чинзоригтің нәтижесін жоққа шығарды, – деп хабарлайды 

Моңғол боксшының допинг сынамасынан «Метандиенон» препараты анықталған. Нәтижесінде өткен жылдың қыркүйек айынан бері спорттық жарыстардан уақытша шеттетілген еді.

Күні кеше OAC пен IBA боксшыны 4 жыл бойы жарыстарға қатысу құқығына айырды. Оның алтын жүлдесін Тайвань елінің спортшысы Эн Чу Лайға беріледі. Ал отандасымыз Ертуған Зейнуллин қола жүлдегер атанады. Отандасымыз ширек финалда дәл осы моңғол боксшысына есе жіберген еді.

сайты. 2022 жылы Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарында моңғол боксшысы 63,5 келіге дейінгі салмақта топ жарған болатын. Кейіннен Халықаралық антидопинг агенттігі (ІТА) Азия ойындарында допинг қолданды деп күдікке ілінген 16 спортшының тізімін жариялады. Олардың қатарында Батарсух Чинзориг те болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған