Ішкі істер министрлігі күдіктілерді іздестіруде
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасаған қылмыстық топқа қатысты тіркелген қылмыстық іс бойынша «Qarmet» АҚ-нан ұрлық жасады деген күдікпен тұлғалар іздестірілуде:
Ахметжанов Мирас Қалымбекұлы, 02.04.1987 жылы туған, Абай облысының тумасы, бұрын ұрлық үшін сотталған. Бұлтартпау шарасы: қамауда ұстау.
Чижевский Андрей Александрович, 29.11.1987 жылы туған, Қостанай облысының тумасы. Бұлтартпау шарасы: қамауда ұстау.
«Іздестіріліп жатқан адамдардың орналасқан жері туралы ақпарат болса, Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментіне келесі мекенжай бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: Астана, Тәуелсіздік даңғылы, 1 немесе келесі телефон нөмірлеріне: 8-705-177-14-19, 8-702-975-62-48, 8-775-299-79-97, 8-7172-72-20-99», – деп хабарлады полицейлер.