Ұландық сержант көлік ұрлаушыны ұстады

Просмотров: 30

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5510 әскери бөлімінің әскери қызметшісі автокөлік ұрлаушыны ұстады.


Оқиға 1 қараша күні таңертең Көкшетау қаласындағы үйлердің бірінің ауласында болған. Қызметтен кейін үйінде тынығып жатқан кіші сержант Жеңіс Ахметовті таңғы сағат 5:00 шамасында “Біреу біздің көлігімізді оталдырды” деп әйелі оятады. Аулаға шыққан Жеңіс Ахметов көлігін белгісіз адамның ұрлап жатқанын көріп, бірден соңынан жүгіреді.
Қаскүнем көрші аулаға бұрылып, көлікті тастап, басқа көлікті мініп кетпек болады. Алайда кіші сержант Ахметов ұрыны қуып жетіп, ұстап алады.
— Әйелім мені оятқанда, бірден аулаға жүгіріп шығып, бөгде адамның көлігіммен кетіп бара жатқанын көрдім. Қуған кезде көлік қуысқа кептеліп қалды. Бірақ ұры онымен тоқтамай, басқа көлікті оталдыруға тырысты. Сол кезде мен оны қуып жетіп, қолға түсірдім. Бұл ешқандай ерлік емес, әдеттегі жұмысымыз, – дейді қырағы сержант.
Жеңіс Ахметов оқиға орнына полиция қызметкерлерін шақырып, оларға құқық бұзушыны тапсырады. Қазіргі уақытта аталған жағдайдың мән-жайы нақтылануда.

 

 

 

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған