Ұландықтар жоғалған екі қызды ата анасына қайтарды
Ағымдағы жылдың 3 қаңтар күні Петропавл қаласындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін ұландықтар қырағылық танытты.
Атап өтер болсақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты 6637 әскери бөлімінің қатардағы Жұдырықов Аян бастаған әскери жасағы өзінің серіктестері қатардағы Тимур Жайшылықов және Илхам Маметовпен бірге өздеріне берілген аймақта қызмет атқарып жүреді. Кенет сағат 20:40 кезінде әскери жасақ, қала көшелерінің бірінде екі кішкентай қызға көздері түседі. Дәл сол сәтте әскери жасақ бастығы қатардағы Жұдырықов Аян кішкентай қыздарға барып өзін таныстырып неліктен кешкі уақытта жалғыз тұрғандарын сұрайды. Өз кезегінде кішкентай қыздар жоғалып кеткендері және ата -аналарын таба алмай жатқандары туралы айтады. Әскери жасақ бастығы еш ойланбастан өзінің серіктестерімен бірге бірден қыздардың ата аналарын іздей бастайды. Араға 20 минут салып, әскери жасақ кішкентай қыздармен бірге балалардың ата-аналарын табады.
– Бұл біздің күнделікті қызмет. Бұл іс-әрекетіміздің барысында біздің мақсат бастысы кішкентай қыздарға көмектесу болды-деп атап өтті әскери жасақ бастығы Аян Жұдырықов.
Ұландықтардың бұл қызметіне кішкентай қыздардың ата-аналары қуанып, өз алғыстарын білдірді.
ҚР ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі