Мәдениет және спорт министрі – ҰЛЫТАУДА

Просмотров: 78

Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Дəурен АБАЕВ жұмыс сапарымен Ұлт бесігіне келіп, туризмді дамыту мақсатында салынған «Ұлытау» сапар орталығында болды. Министрге облыс əкімінің орынбасары Ғалымжан ҚҰСМАНҒАЛИ, министрліктің Мəдениет комитеті тарихи-мəдени мұра департаментінің басшысы Жанат СЕЙДАЛИЕВА жəне аудан əкімінің міндетін атқарушы Мақсұт ОСПАНОВ еріп жүрді.

Дəурен Əскербекұлы қасиетті «Ембұлақ» суынан дəм татып, Хан Ордасына барды.

Жезді кентіндегі Мəкен Төрегелдин атындағы тау-кен жəне балқыту ісі тарихы музейіне атбасын бұрып, өлке тарихымен тереңірек танысты.

Сапар барысында министр «Жошы хан» тарихи-мəдени кешенінде болды. Сондай-ақ, Домбауыл жəне Алаша хан кесенелеріне барып, олардың бүгінгі жай-күйімен жете танысты. Мұнда мəртебелі мейманға кесенелер жайында біршама мағлұматтар берілді.Бұдан кейін ел тарихында елеулі із қалдырған тұлғалар рухына арнайы құран бағышталды.

Сапар түйінінде Дəурен Абаев жауапты мамандарға Ұлт ұясы мен ондағы тарихи мұраларды танымал ете түсуге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Аудан əкімдігінің баспасөз қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған