Мұнай өндіретін ірі компанияға 13,6 млрд теңгеге айыппұл салынды

Просмотров: 39
Қазақстанның Ұлттық қоры ірі мұнай-газ компаниясы төлеген айыппұл есебінен 13,6 млрд теңгеге толықтырылды, деп хабарлайды 247media.kz

Атырау облысының прокуратурасымен «Каспий нефть» АҚ-ның 2021-2022 жылдары бұрғылау және кен орнын пайдалану қызметінде құралған 4500 тоннадан астам қауіпті қалдықтарға жинақталу лимитін алмағаны анықталды.

«Прокурордың ұсынысын қарау нәтижесі бойынша Атырау облыстық сотының сот алқасының 02.07.2024 жылғы қаулысымен «Каспий нефть» АҚ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 13 684 868 730 теңге айыппұл салынды».Атырау облысының прокуратурасы

Прокуратураның принципті ұстанымы нәтижесінде әкімшілік айыппұл бюджетке өндіріліп, мемлекетіміздің Ұлттық қоры 13 684 868 730 теңгеге толықтырылды.

Forbes мәліметтері бойынша, «Каспий нефть» АҚ Атырау облысы Жылыой ауданының аумағында Айранкөл көп қабатты мұнай-газ кен орнын игерумен айналысады. 2022 жылы компанияның кірісі 197,12 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғы 163,26 млрд теңгеден 20% — ға артық. Шикі мұнай және мұнай өнімдері түріндегі өнімнің 76% — дан астамы экспортқа сатылады. Оның ішінде кірістің 73% – ы бір сатып алушыдан — Vitol Energy Trading SA. Қалған 23% — ы ішкі нарықта мұнай өнімдерін сатудан түскен. Бір жыл ішінде «Каспий нефть» 49 млрд теңге табыс тапты.

Бұған дейін Астанада кеден бекеті басшысының орынбасарына пара алғаны үшін 63,6 млн теңге айыппұл салынғаны хабарланды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған