Мәтінді оқып, оқу сауатыңызды тексеріңіз
Қазақ тілін үйрену үшін диктант жазудың пайдасы зор. Оған қоса әртүрлі тақырыптағы мәтіндерді оқып, түсінік айту да сол тілде ойлап, сөйлеуге көмектеседі. Қазір талапкерлер оқуға түсу үшін ҰТБ-да оқу сауаттылығынан тест тапсырады. Ол жерде бірнеше мәтін беріледі және сол мәтіндердің мазмұнына қатысты сұрақтар қойылады. Бұл оқушының қаншалық қазақ тілін түсініп әрі ойлана алатынын көрсетеді.
Тест тапсырмаларын орындап, оқу сауатыңызды тексеріңіз. Алдымен мәтінді түсініп оқып шығыңыз.
Тоғызқұмалақ
Спорттың түрі көп. Бірі – күшті болуға, екіншісі – жылдамдыққа, үшіншісі табандылыққа баулиды. Ал тағы бір түрі ойлауға үйретеді. Оларға шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ жатады.
Тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық ойыны. Бұл ойында сүйек тастары ұяларға тоғыз-тоғыздан түсіп отыруы керек. Тоғызқұмалақ – жылдам есептеуді, тез шешім қабылдауды қажет ететін күрделі ойын. Тоғызқұмалақта бір ойынды жарты күн немесе бір күн ойнайды.
Ұлы ақын Абай тоғызқұмалақ ойынының шебері болған. Абай тоғызқұмалаққа үлкен мән берген. Ол атақты ойыншыларды шақырып, жиырма-отыз күн бойына сайыс өткізіп отырған. Бұл туралы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы’’ кітабында жақсы жазылған.
Қазір Қазақстанда тоғызқұмалақ ойынынан халықаралық жарыстар өткізіліп тұрады. Әбілда Ақшораев тоғызқұмалақтан алты рет республика чемпионы болған.
Көшпелі халықтың өмірінде бүтін сандардың төрт амалын есептеп шығару осы тоғызқұмалақ ойыны арқылы қалыптасқан. Сондықтан да бұл ойын «малшы математикасы» деп аталған. Шындығында, бұрын далада кездесе кеткен екі малшы осы ойындағы «қазан» мен «отаудың» орнын жерді оя қойып, дорбаларында жүрген қойдың кепкен 81 құмалағын әр отауға тоғыз-тоғыздан бөліп салып, бірден ойнай беретін болған. Тоғызқұмалақ ойынының өзіне тән басты ерекшелігі – ол аса күрделі жабдықтарды қажет етпейді. Барлық құмалақты салатын шұңқырды – қазан, тоғыз-тоғыздан құмалақ салатын орынды отау дейді.
Оқу сауаттылығы
Прочитав текст, ответьте на вопросы теста. Если вы ответили неправильно, не признавайте этого. После завершения теста вы можете начать заново.