Мәжіліс ақпарат, қоғамдық даму және мәдениет саласындағы заң жобасын мақұлдады
Заң жобасында:
- ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзыретін шамадан тыс заңнамалық регламенттеуді болдырмайтын нормаларды енгізу.
«Негізгі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін, сондай-ақ мемлекеттік орган қызметінің ішкі рәсімдерімен, оның заңның негізгі ережелерін нақтылауға және іске асыруға бағытталған басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылымен байланысты функцияларды жеделдік мақсатында алып тастау және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде айқындау ұсынылды», — делінген заң жобасы бойынша қорытындыда.
- Министрліктің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу жөніндегі құзыретін, сондай-ақ мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу қызметін регламенттеу жөніндегі нормаларды алып тастау («Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы);
- археологиялық олжаларды мемлекеттік мұражайларға беру тәртібін бекіту жөніндегі министрліктің құзыретін айқындау жөніндегі норманы енгізу («Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы).
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында заң жобасына «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесінің қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің түзетулері енгізілді.
Бұған дейін Қазақстанда онлайн-кредит алу кезіндегі алаяқтықпен күресудің жаңа тәсілдері әзірленгені хабарланған болатын.