«Оқжетпес-Т» ЖШС Жөндеу-құрылыс бөлімі 500 шаршы метр жерді қалпына келтірді

Просмотров: 63

Биыл «Оқжетпес – Т» ЖШС Құрылыс-жөндеу бөлімінің жұмысын жаңа бағытта қайта жандандырған болатын. Яғни, енді жөндеу жұмыстарына байланысты бүлінген асфальт пен брусчатка қабатын мердігер компания емес, мекеменің өзі жөндейді. Жыл басынан бері ЖҚБ қызметкерлері 500 шаршы метр аумақты қалпына келтірген.

Жөндеу-құрылыс бөлімшесінің мамандары асфальт төсеу, жиек тастарды орнату, насос станцияларының шатырын және фасадтарын қалпына келтіру тәрізді жұмыстарды жүзеге асырады. Қазіргі таңда негізгі жұмыс – қаладағы жөндеу жұмыстарынан кейін бүлінген аумақтарды қалпына келтіруге бағытталыпты.
– Биыл бюджет есебінен экскаватор, каток және самосвал сатып алынды. Бұл асфальт төсеу жұмыстарын тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Жыл басынан бері, қаланың шығыс бөлігінде шамамен 55 тонна асфальт және 8 ықшамауданда 20 тонна асфальт төселді. Қазір 6 шағын ауданда шамамен 300 шаршы метр аумақ асфальт төсеуге дайындалуда, – дейді «Ожжетпес-Т» ЖШС-нің жөндеу-құрылыс бөлімшесінің басшысы Владимир Кононенко.

Құрылыс жұмыстарына қажет асфальт жергілікті «Ритм» ЖШС өнімі. Оны коммуналдық мекеме тендер арқылы сатып алып отыр. Бұл фирманы нарықта беделі жақсы. Әрі сапаға қатысты сұрақтар туындаса, жақын жерде орналасқандықтан шешу де оңай.
Қазіргі таңда жөндеу-құрылыс бөлімшесінде 12 адам еңбек етуде. Олардың ішінде асфальт-бетон төсеушілер мен қарапайым жұмысшылар бар. Владимирдің айтуынша, еңбек күші жеткілікті. Бұл жерде басты мәселе – қажет материалмен жабдықтау болып отырған көрінеді. Өйткені, құрылыс материалдарының бағасы – қымбат. Ал, тұтынушылар арасында коммуналдық мекемеге жылдар бойы ақы төлемей, қарыз арқалаған азаматтар көп екен.
Айта кету керек, бұған дейін «Оқжетпес-Т» ЖШС абаттандыру жұмыстарын жүргізуге мердігерлерді жалдайтын. Мұның тиімді тұстары да бар, әрине. Бірақ, кері әсері де байқалады. Әсіресе, жұмыстарды жүргізу мен сапаға қатысы анық көрінетін. Тіпті, мердігерлер жөндеп кеткен кей жерлерді қазір Жөндеу-құрылыс бөлімінің мамандары қайта қалпына келтіріп жатыр. Өйткені, ол аумақтарда асфальт төмен түсіп, ойылып қалған.
– Бірінші кезекте асфальт төсеуге дайындалған барлық учаскелер дайындалады, содан кейін бір күнде барлық дайындалған учаскелер асфальтталады. 8-ші шағын аудандағы ауладағы 20-30 шаршы метрлік кішкентай учаскелерді үш күнде дайындап, бір күнде асфальттадық. Біз ауданға келіп, жаңа қазуларды да, былтырғы қазуларды да жөндейміз. Біз ауданды аламыз және оны аяқтамайынша, әрі қарай өтпейміз. Қазір бізде 6-шы шағын аудан жоспарда. «Бәйтерек» жанында жұмыс істейміз, мұнда шамамен 300 метр шаршы аумақты дайындау бес күндей уақыт алады, содан кейін асфальт төселеді. Тищенко көшесінде көп шағымдар бар: мердігерлер бүкіл көшені қазып тастады. 6, 7, 9 шағын аудандардан шағымдар мен өтінімдер түсуде, олар кестеге енгізілген, біз кесте бойынша жұмыс істеуге тырысамыз, — дейді Владимир Кононенко.
Әскери комиссариат ауданы да күрделі учаске болып табылады. Мұнда көктемде асфальт орнына тас төселген. ЖҚБ басшысның айтуынша, қаланың жарты жолдары жөндеуде болған кезде бұл жердегі жолды жабу көлік коллапсын тудырады. Сондықтан олар ыңғайлы мүмкіндікті күтуде. Жалпы, жұмыс кестесі қазан айына дейін жоспарлануда.

Өз тілшімізден

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған