Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбай Азия чемпионатына қатыспайды

Просмотров: 1

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Таиландта өтетін Азия чемпионатына қатыспайды. Боксшының қатыспау себебін ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов түсіндіре кетті, – деп хабарлайды 247media.kz   сайты.

Кеше сары құрлықтың басты додасына қатысатын Қазақстан ерлер құрамасының тізімі жарияланған болатын. Бұл құрамда Нұрбек Оралбай болмады.

«80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионатында Ерасыл Жақпеков бақ сынайды. Бұл салмақтағы бірінші нөмірлі боксшы Нұрбек Оралбайды жарақатына байланысты екі оқу-жаттығу жиынынан босаттық. Қазіргі уақытта мұрнын емдеп жатыр», – деді бас бапкер Қайрат Сәтжанов.Айта кетейік, бокстан Азия чемпионаты 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Таиландтың Чианг Мэй қаласында өтеді.Бұған дейін Азия чемпионатында күш сынайтын бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы белгілі болған еді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған