Орал қалалық сотының төрағасы пара алу кезінде ұсталды

Просмотров: 26

Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды 247media.kz

БҚО прокуратурасы ақпаратты растап, ресми түсініктеме кейінірек берілетінін айтты.

Сондай-ақ, БҚО облыстық сотының ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Руслан Нартайұлы Жұмағұлов Орал қалалық сотының төрағасы лауазымын бес жылдан бері атқарып келеді.

Жедел уәкілдердің мәліметінше, 1,5 млн теңге көлеміндегі пара сотталған азаматқа қатысты оң шешім үшін берілген. Жедел-тергеу іс-шараларын ҰҚК орталық аппаратының және БҚО департаментінің қызметкерлері жүргізеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған