Қостанайлық ұландық әмбебап жекпе-жек бойынша әлем чемпионы атанды

Просмотров: 5

      Ағымдағы жылдың 28 қараша – 1 желтоқсан аралығында Ресей Федерациясының Саратов қаласында ерлер мен әйелдер арасында әмбебап жекпе-жек спорт түрінен әлем біріншілігі өткізілді. Саратов қаласында орналасқан «Протон-арена» спорт сарайында өткізілген аталмыш сайысқа 30 елден келген 300 ден астам спортшы қатысты.

Сонымен қатар, аталмыш сайысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты Қостанай қаласында орналасқан 6697 әскери бөлімінің әскери қызметшісі аға лейтенант Абикеев Ержанда қатысқан болатын. 60 келі салмағында күш сынасқан ұландық, сайыс барысында өз қарсыластарына дес берместен жүлделі бірінші орынды иеленді.

  • Бұл спорт түрі өте ерекше спорт деп атасақта артық айтқаным емес. Себебі, жекпе-жек алдында спортшылар өздеріне берілген кедергілер жолағынан сүрінбей өтуі тиіс. Кедергілер жолағынан өткен спортшылар бірден шаршы алаңға шығып жекпе-жекке түседі. Мен үшін бұл сайыс өте сәтті болды. Өзімнің тынымсыз еңбегімнің арқасында бүгінде міне әлем чемпионы деген атаққа ие болдым- деп атап өтті Абикеев Ержан.

Жарыс соныңда жүлдегер атанған барлық спортшыларға арнайы сыйлықтар мен кубоктар және медальдар табыс етілді.

 

 

       ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған