Отбасы банк бастапқы жарнаны 10%-ға түсірді
Отбасы банк «Наурыз» бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаны 10%-ға дейін төмендетті, деп хабарлайды 247media.kz
Біз бастапқы жарнаны 10%-ға дейін төмендетеміз. Көбі «Наурыз» бағдарламасы бойынша пәтерлердің ішкі жөндеу жұмыстары аяқталмағанын, сондықтан бастапқы жарнаның тым жоғары екенін айтады. Өйткені қарыз алушылар кейін жөндеу жұмыстарын жүргізеді, – деді «Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова.
Ибрагимова пилоттық жоба басталып кеткенін айтты.
Мәселен, 35 млн теңге тұратын дайын пәтердің бастапқы жарнасы 6 млн теңге емес, 3 млн теңге болады, яғни бастапқы жарна 10% болады. 19 қарашада (еск. – Baspana Market) 35 млн теңге тұратын 3 бөлмелі пәтерлерді орналастырдық. Бұл әрленген пәтерлер. Бұл Астанада іске асырылып жатқан пилоттық жоба. Мұны құрылыс компаниясы ұсынып отыр, – деді банк төрағасы.