Петропавлдық ұландықтар қорытынды тексерістен өтті

Просмотров: 17

Ағымдағы жылдың 5-12 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты Петропавл қаласында орналасқан 6637 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері қорытынды тексерістен өтті.  

Аталмыш қорытынды тексеріс барысында әскери қызметшілер саптық, мемлекеттік-құқықтық, арнайы, атыс және дене шынықтыру даярлықтары бойынша сынақтар тапсырды.

Сынақтар тапсыру барысында барлық әскери қызметкерлер өздеріне тиесілі бағаны алды. Ал, қорытынды тексеріс  12 қараша күні қорытындылаумен аяқталады. Айта кетер жайт , әскери қызметшілер аталмыш қорытынды тексерістен жылына екі рет өтеді. Сондай-ақ, әрбір төрт жыл сайын арнайы инспекторлық тексерістен өтеді.

 

 

ҚР ІІ МҰҰ  «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған