Президент Үкімет жұмысын сынады

Просмотров: 128

 Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметтің жұмысын сынады. Әсіресе жанармай нарығындағы жағдай халықтың әділетті алаңдаушылығын туындатып отыр.

«Жалпы, ашығын айтуымыз керек, Үкіметтің жұмысында қайта-қайта олқылықтар болып жатыр.

Біресе жанар-жағармай, біресе шекер жетіспейді. Осының бәрі Үкіметтің нақты шешім қабылдауға келгенде өте баяу қимылдап, батыл қадам жасай алмауынан болып отыр.

Мұндай жағдайға азаматтардың да көңілі толмайды. Әрине, бұл – орынды. Сондықтан, дәл осылай жалғаса берсе, тағы да нақты кадрлық шешімдер қабылдауға тура келеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған