ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Просмотров: 14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Руслан Сарқұловты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары қызметіне тағайындады, деп хабарлайды 247media.kz

Тиісті құжат 2024 жылғы 25 қыркүйекте Ақорда сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Серікұлы Сарқұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, — деп жазылған құжатта.

2024 жылғы 23 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының жаңа орынбасарлары болып тағайындағаны белгілі болды:

  • Марат Жұмабаев – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры;
  • Алмас Наймантаев – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.

Еске салайық, Асқар Әмерханов 2023 жылдың сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры болды. 2024 жылы 16 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев оны қызметінен босатты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған