Ресей Қазақстаннан бидай, қызанақ және бұрыш импорттауға тыйым салды

Просмотров: 21
Ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау жөніндегі федералды қызмет (Россельхознадзор) Қазақстаннан карантиндік өнімдерді әкелуге уақытша тыйым салды, деп хабарлайды 247media.kz

Россельхознадзордың тиісті шешімі бүгіннен бастап күшіне енді.

«2024 жылғы 17 қазаннан бастап Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясының аумағына әкелуге уақытша шектеулер енгізілсін», – делінген құжатта.

Ресей Федерациясына ҚР-дан әкелуге уақытша тыйым салынатын өнімдер:

  • бидай, жасымық, зығыр тұқымы, астық транзитін қоспағанда, қазақстандық тарап фитосанитариялық сертификаттарды тікелей түпкілікті мақсаттағы елге ресімдеген және т/ж вагондардан шыққан астықты бірден кеменің трюмдеріне ауыстырып тиеген жағдайда;
  • қызанақ;
  • бұрыш;
  • себуге арналған күнбағыс тұқымдары;
  • жаңа піскен қауындар.

11 қазанда Қазақстан бензин, дизельдік отын және кейбір мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салу мерзімін ұзартқаны хабарланған болатын. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған