Республика күніне орай қосымша пойыздар іске қосылды

Просмотров: 20
21 қазаннан бастап елімізде жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша пойыздар тағайындалды, деп хабарлайды 247media.kz

«Қазақстан темір жолы» АҚ-ның ақпаратынша, олар келесі бағыттар бойынша қатынайды:

  • №630/629 пойызы «Ақтөбе-Шалқар» бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнара қатынайды;
  • №204 пойызы «Астана-Шымкент» бағыты бойынша 2024 жылғы 21 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;
  • №216 пойызы «Шымкент-Алматы» бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;
  • №201 пойызы «Алматы-Астана» бағыты бойынша 2024 жылғы 23 қазаннан бастап күнделікті қатынайды.

    «Пойыз құрамында купе және плацкарт вагондары да болады»,- делінген ақпаратта.

    Сонымен қатар, қала маңындағы бағыттар бойынша 2024 жылғы 25 және 27 қазанда «Қарағанды-Астана» бағытындағы электр пойызының бағыты Бурабай курорты станциясына дейін ұзартылады. Бұдан өзге , 2024 жылғы 25, 26 және 27 қазанда «Ерейментау-Астана-Көкшетау» бағытындағы №6831/6829/6830/6832 электр пойызының құрамына қосымша вагондар қосылады.

    Бұған дейін Қарағанды базарларының бірінде полицейлер пойызда бірнеше рет жолаушылардың жеке заттарын ұрлаған күдіктіні ұстағаны хабарланды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған