Робототехникадан шеберлік сағаты

Просмотров: 121

Қарағанды Назарбаев зияткерлік мектебінің (NIS) мұғалімдері ауыл мектебінде робототехника бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.

– Роботтардың модельдерін құрастыра отырып оқушылар зейін, ұқыптылық, ойлау қабілетін арттырып, жауапкершілік пен тәртіпке бейімделеді. Олар жан-жақты дамып, бойында командалық жұмыс дағдылары қалыптасады, – дейді «Ауыл мектебі» жобасының қатысушылары.

NIS әзірлеген «Робототехника» есептік курсының артықшылығы пәнаралық тәсіл болғанында. Ол бірнеше пәнді біріктіреді.

Ақзия Оразалиева

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған