Алтын бағасы рекордтық көрсеткішке жетті

Просмотров: 28

Алтынның бір унциясының бағасы 2600 доллардан асып кетті, деп хабарлайды 247media.kz

24kz-тің жазуы бойынша бұл бұрын-соңды болмаған жағдай. Оған доллардың әлсіреуі және АҚШ-та мемлекеттік облигациялардан түсетін табыстың төмендеуі себеп.

Сарапшылар бағалы металл әлі де қымбаттайтынын айтады. Олардың болжауынша, келер жылдың ортасына таман алтынның бір унциясының құны 3000 долларлық межеге дейін жетуі де ғажап емес. Өйткені мамандар АҚШ-та пайыздық мөлшерлемелер төмендеп, қор биржалары тарапынан сұраныс жоғары болатынын пайымдап отыр

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *