Тоқаев Қуантыровты жаңа қызметке тағайындады

Просмотров: 51
Әлібек Қуантыров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл қызметте ол Нәзира Нұрбаеваны алмастырды, деп хабарлайды 247media.kz

Тиісті бұйрықтарға 2024 жылғы 30 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Мемлекет басшысының өкімімен Әлібек Қуантыров ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырау қаласында туған.

Томск мемлекеттік университетін, Мичиган университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның м.а. болып бастады.

2005-2010 жж. — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2010-2013 жж. — ҚР Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары.

2013 ж. — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары.

2013-2019 жж. — ҚР Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды.

2019 жылғы сәуірден қазіргі уақытқа дейін — ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.

2021 жылдың ақпанында ол Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі болды. Ал 2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі қызметін атқарды. Одан кейін KAZENERGY қауымдастығының бас директоры қызметін атқарды.

 

Мемлекет басшысының өкімімен Назира Нұртүлеуқызы Нұрбаева Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған