Жұмыссыздықты азайту – басты міндет

Просмотров: 3

Теміртауда жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған шаралар қарқын алуда. Қалалық әкімдікте өткен арнайы жиында жұмыссыздықты азайту жолындағы жұмыстардың барысы мен қол жеткізген нәтижелер жан-жақты талқыланды.

Economists have a yearly job market that works a little bit like speed dating.

2024 жылдың 10 айындағы мәліметтерге сәйкес, Теміртау қаласында жұмыссыздық деңгейі 3,9%-ды құрап отыр. Жастар арасындағы көрсеткіш 2,7%-ды құраса, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 8,3%-ға жеткен. Қаланың Карьерлік орталығы биыл тұрақты жұмыс орындарына 3508 адамды орналастырып, жоспарды 85,5%-ға орындаған. Электронды еңбек биржасы арқылы 728 адам жұмысқа тұрған. Сонымен қатар, ұлттық жобалар аясында 872 тұрғын еңбекке тартылып, белсенді шаралармен қамтылған.
Жалпы, Карьерлік орталыққа 2024 жылы жұмысқа орналасу үшін 7114 адам жүгінген болса, олардың 4476-сына нақты көмек көрсетілген. Алайда, қаладағы жұмыссыздықты толығымен шешу оңайға түспей тұр, себебі электронды еңбек биржасында жарияланған 1691 бос жұмыс орны сұранысты толық қамтамасыз ете алмай отыр. Осы мәселе жөнінде Карьерлік орталық басшысы Мақсат Төлеутаев атап өткеніндей, жұмыссыздар саны бос орындардан көп болғандықтан, жоспарды 100% орындау мүмкін емес.
Қала әкімі жұмыссыздықты азайтуда тек орталыққа тіркелгендермен ғана емес, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтармен де тығыз жұмыс жасау керектігін атап өтті. Шынайы мәліметтерді алу мақсатында цифрлық отбасылық карта жүйесі енгізіліп, әлеуметтік жағдайды жан-жақты бағалау қолға алынған. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Раушан Әдыханова бұл бағыттағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруға арналған штаб құрылып, жиындар айына екі рет өткізіліп жатқанын жеткізді.
Теміртау қаласының әкімі ұлттық жобалар аясында арнайы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру шараларын күшейтуді тапсырды. Сонымен бірге, кәсіпорындар мен оқу орындарымен бірлесе отырып, тұрғындарға бағытталған кең көлемді ақпараттық жұмыстар жүргізу де басты назарда болмақ.

Өз тілшімізден.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған