Жаңа Ата Заң – еліміздің өтпелі және одан әрі алға даму кезеңіндегі маңызды тарихи құжат болмақ

Просмотров: 49

Бүкілхалықтық референдумда Конституцияның 33 бабына, яғни үштен бір бөлігіне енгізілетін өзгерістер Қазақстан халқының талқысына түседі.

Жаңа Конституция жобасының негізіне адам және азаматтардың бостандықтары мен құқықтарының үстемдігі, берік конституциялық мемлекет құру, халық үнін естуші мемлекет тұжырымдамалары қарастырылған.

Әр адам өзінің құқықтарын, өз елінің конституциясынан барынша хабардар болады. Ал бұл – құқықтық мемлекет құрудың басты қағидаты. Конституцияны жалпыхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту халық қалауының айқын көрінісі болады деп есептеймін. Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді.

Референдум алды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізетін облыстық штабтың мүшесі ретінде Сіздермен атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісетін боламын!
Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!

Ақпарат Дарын Абильжановтың фэйсбук парақшасынан алынған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған