Референдум – бұл мемлекеттің де, халықтың да демократияға бейілділігінің айқын көрінісі

Просмотров: 115

Қазақстанда Мемлекет басшысы ұсынған конституциялық реформаларды іске асыру үшін 5 маусымда бүкілхалықтың референдум өтетіні хабарланды. Референдум – бұл мемлекеттің де, халықтың да демократияға бейілділігінің айқын көрінісі болып табылады.


Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған конституциялық реформаларды іске асыру Қазақстанның жаңа бағытта дамуына даңғыл жол ашады, мемлекет пен халықтың өзара қарым-қатынасын жаңаша құруға мүмкіндік береді. Жаңа Қазақстанның Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен түзетулер қазіргі саяси модельді трансформациялауды қарастырады. Соның ішінде билік тармақтары арасында өзара теңгерімді қарым-қатынас қалыптастыру Президент ұсынған маңызды бағыттардың бірі.
Бұл жолғы референдумның ерекшелігі, Президенттің өзінің өкілеттіктерін кеңейту емес, керісінше, тым көп өкілеттіктерінен бас тартып, қоғам мен саясатқа елінің ертеңіне алаңдайтын белсенді азаматтардың келуіне жағдай тудыруды қарастыруы болып отыр. Сондықтан саяси жүйесі зайырлы, өркениетті, демократиялы бағытта қалыптасқан мемлекетте өмір сүруды қалайтын әр қазақстандықтың осы ауқымды шарада өз үнін білдіруі маңызды.

Мейрам Искаков

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған