Жаңа мектептер салынады

Просмотров: 180

Қарағанды облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырыла бастады. 2025 жылдың соңына дейін өңірде 17 мектеп салу жоспарланып отыр.

– 2023 жылы Қарқаралы ауданының Талды ауылында 200 орындық мектеп пайдалануға берілуі тиіс. 2024 жылы Қарағанды, Шахтинск, Приозерск, Бұқар жырау және Шет аудандарында он мектеп құрылысы қарастырылған. Тағы алты жобаны жүзеге асыру 2025 жылға жоспарланып отыр, – деді Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова.

Сонымен қатар облыста мектепке дейінгі білім беруге де көп көңіл бөлінеді. 2025 жылға дейін бірнеше балабақша ашу жоспарланып отыр, онда 9 мыңға жуық бала қамтылады.

Техникалық және кәсіптік білім беруде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға баса назар аударылады. Колледждерде дуальды оқыту дамытылады, құзыреттер орталықтары және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу қызметтері ашылады.

Қазір көптеген студент мемлекеттік тапсырыстың арқасында тегін оқуға мүмкіндік алды.

Ақзия Оразалиева

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған